184 Awrora
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Қызметтік ит ұландықтарға іздеуде жүрген азаматты ұстауға көмектесті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Оқиға 2023 жылдың 21 қарашасы сағат 19:15 шамасында Алматы қаласында болған. Әскери жасақ бастығы сержант Әлішер Сағымбеков пен патруль ефрейтор Дамир Мараттан құралған әскери жасақ Әуезов көшесіндегі №23 үйдің жанынан іздеудегі адамға ұқсас азаматты байқаған. Ұландықтар оның құжаттарын тексеру үшін тоқтатқанда азамат қаша жөнелген. Осы сәтте кинолог ефрейтор Дамир Марат: «Тоқта! Әйтпесе қызметтік итті босатамын!» деп ескерту жасаған. Азамат бұл талапты елемегеннен кейін, «Рой» есімді қызметтік ит қашқынның соңына түсіп, тоқтатты.
— Біз азаматты құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан кезде, ол қашып кетуге тырысты. Сондықтан оны ұстау үшін қызметтік иттің көмегіне жүгінуге тура келді, — деді әскери жасақ бастығы сержант Әлішер Сағымбеков.
Ұсталған адам қосымша тексерістер үшін Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілді.
Источник: qazaq.asia