Теміртаулық спортшы оқ атудан Әлем Кубогында қола жүлдеге ие болды

Теміртаулық спортшы оқ атудан Әлем Кубогында қола жүлдеге ие болды

367 rob

Индонезиядағы Әлем Кубогында оқ атудан Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 11 медаль (үш алтын, бес күміс және үш қола) жеңіп алып, бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Команданың жетістігіне Теміртаулық спортшы Ольга Аксенова да өз үлесін қосты.

25m pistol жаттығулары командалық есебінде Ольга мен Шымкент қаласының спортшысы Ирина Юнусметова мен Сәуле Әлімбек қола жүлдеге ие болды. Теміртаулық спортшының жаттықтырушысы – Владимир Ковалев.

Жарысқа әлемнің 32 елінен 350-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан атынан 15 мықты атқыш қатысты.

Оқ атудан Әлем Кубогы – бұл ISSF кестесінде көтерілуге мүмкіндік беретін және Париж – 2024 Олимпиадасына қатысуға лицензия алуға мүмкіндік беретін рейтингтік турнир.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика