Теміртаудың байырғы тұрғындарынан энергетиктер мәдениет сарайы ғимаратының келбетін қалпына келтіруге көмектесуді сұрайды

Теміртаудың байырғы тұрғындарынан энергетиктер мәдениет сарайы ғимаратының келбетін қалпына келтіруге көмектесуді сұрайды

435 rob

Теміртауда энергетиктер мәдениет сарайы коммуналдық меншікке қайтарылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ғимаратты қалпына келтіргеннен кейін мұнда мәдени-демалыс орталығын ашу жоспарлануда. 

Энергетиктер мәдениет сарайы қаланың ескі бөлігінде орналасқан. Ол 1961 жылы салынған. Ұзақ уақыт бойы ол қала тұрғындары арасында өте танымал болды. 1996 жылы мәдениет ошағы жұмысын тоқтатты. Ғимаратты ешкім қадағаламағандықтан, ол тозып, қирай бастаған. Тұрғындар осы тарихи орынға биліктің назар аударуын сұраған болатын.

«Қалалық бюджетті нақтылау барысында біз ғимаратты тарихи архитектуралық стилін сақтай отырып, оны қайта құру үшін ЖСҚ әзірлеуге қаражат қарастырамыз», – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.

Билік ғимараттың бұрыңғы атауын қалдырамыз деп отыр. Қайта құрудан кейін мұнда секциялар мен үйірмелер ашылады. 

Ал әзірге қаланың байырғы тұрғындарынан ғимараттың тарихи келбетін қалпына келтіруге ат салысуды сұрап отыр. Бұрыңғы жылдардағы энергетиктер мәдениет сарайының қызметіне байланысты фотосуреттер, газеттерден үзінділер және басқа да материалдар түрінде кез келген көмек қабылданады.

(8-7213) 92-21-59, +7-701-479-48-89 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика