200 Арман
Фотосурет: yandex.kz
Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қарағанды облысы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, сұрыптау және көму жөніндегі қызметтер нарығын талдауды аяқтады. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабы 1-тармағын бұзу белгілері, атап айтқанда, бәсекелестікке қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) анықтады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік функцияларды іске асыруы немесе іс-әрекетте (әрекетсіздікте) көрініс тапқан мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуі кезінде, бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға әкелген немесе әкелуі мүмкін актілерді немесе шешімдерді қабылдаған деген шешімге келді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Осыған байланысты, Теміртау қаласы әкімдігінің атына іс-әрекетте (әрекетсіздікте) ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығарылды, ол бүгінгі күні орындалды.
Источник: qazaq.asia