Тарс жауып тұрған есік баланы тұзаққа түсірді

Тарс жауып тұрған есік баланы тұзаққа түсірді

305 rob

Фотосурет: Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өскемендегі Бульвар Гагарин көшесінде тұрған көлік салонының есігі абайсызда жабылып қалып, ішінде бір жасар бала қамалып қалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Баланың анасы құтқарушыларға хабарласып, көмек сұрады.

Оқиға орнына ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылар келіп, құралдардың көмегімен көліктің есігін ашып, баланы алып шықты.

ШҚО ТЖД ата-аналарға қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Мұқият болып, балаларды бір сәтке болса да қараусыз қалдырмаңыздар.

Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарласыңыздар.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика