236 rob
Фотосурет: АР
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 2021 жылдан бері әкімшілік кедергілерге байланысты фаст-фуд сауда павильонын Жамбыл облысының полиция департаментінің балансында тұрған электр желілеріне қоса алмай жүрген жеке кәсіпкер К. уәжін білдірді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Электр желілерін қосу үшін кәсіпкер техникалық шарттарды алып, тиісті құжаттарға қол қою үшін теңгерім ұстаушы мен «Жамбыл электр желілері» ЖШС-не қайта-қайта жүгінген.
Аталған мәселенің себеп-салдарын анықтау мақсатында Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мүдделі тұлғалармен кездесу ұйымдастырып, материалдарды зерделеді.
Нәтижесінде уәкілетті тұлғалар кәсіпкерге техникалық шарттарды ұсынып, электр желісіне қосылуға рұқсат берді.
Источник: qazaq.asia