Таразда атыс қаруы мен оқ-дәрілер көмілген орын табылды

Таразда атыс қаруы мен оқ-дәрілер көмілген орын табылды

Фото: ғаламтордан

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында бір күнде атыс қаруы мен оқ-дәрілер көмілген жасырын екі орынды тапты. 

Алматы, NEGE. — Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Тектұрмас» кешенінің аумағында цемент бетондардың астынан қаңтар оқиғалары кезінде Жамбыл облыстық Полиция департаментінің ғимаратынан ұрланған тапанша табылып, тәркіленді. 

Сондай-ақ, 9 мм калибрлі 5 жауынгерлік патроны бар «ПМ» маркалы тапаншаның оқжатары, нөмірлері өшірілген 12 мм калибрлі екі ұңғылы тегіс ұңғы аңшы мылтығы табылды. 

Сол күні Ниетқалиев көшесінде орналасқан аяқталмаған ғимараттың жертөлесінде 05.01.2022 жылы Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған 7,62 мм калибрлі «Benelli SAT 13299» мылтық карабині табылды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика