Тараз өңірлік университетінде емтихан барысында 45 ереже бұзушылықтары анықталды

Тараз өңірлік университетінде емтихан барысында 45 ереже бұзушылықтары анықталды

221 rob

Емтихандық сессия барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері М.Х.Дулати  атындағы Тараз өңірлік университетінің комплаенс қызметімен бірлесіп «Таза сессия» акциясы аясында бақылаушы ретінде қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем» төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты нығайту, білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Тестілеу кезінде емтихан тапсырмаларын тапсыруға көмекші ретінде қолданылатын  ұялы телефондар мен басқа да құрылғылар жиналып алынды.

Акция қорытындысы бойынша тестілеуді тапсыру барысында 45 ереже бұзушылықтары анықталды, олардың қарау нәтижесі бойынша тиісті шаралар қолданылады.

Айта кетсек, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнама талаптарын сақтауға жауапты квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-қызметтері құрылуда. 

Тараз өңірлік университетінде комплаенс қызметкерлері  2022 жылдан бері жұмыс атқарып келеді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика