209 rob
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2022 жылы атқарылған жұмыс нәтижесі мен 2023 жылға арналған міндеттер бойынша Еңбекминінің кеңейтілген алқа отырысында баяндады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Іс-шараға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар, Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҰКП, халықаралық ұйымдар және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Тамара Дүйсенова Министрліктің 2022 жылғы жұмысының негізгі нәтижелерін қорытындылай келе, мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері толық орындалғанын хабарлады.
«Еңбек министрлігі 2022 жылы 4 млн астам азаматқа 4,4 трлн теңге зейнетақы мен жәрдемақы тағайындап, оны уақтылы төледі. Осылайша, еліміздің әрбір бесінші тұрғынына мемлекеттік қолдау көрсетілді» Тамара Дүйсенова
Бұдан басқа, 10 ұлттық жобаны, Мемлекет басшысының 10 мың адамға шаққанда 100 жұмыс орнын құру туралы тапсырмасын және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да жобаларын іске асыру шеңберінде азаматтарды жұмыспен қамтуды кеңейту жөніндегі жұмыс жандандырылды.
«Біріншіден, бүл 981 мыңнан астам азаматты жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді, олардың 80%-ы жұмысқа орналасқанын міндетті зейнетақы жарналары аударымдарымен растады. Екіншіден, экономикада 427,4 мың жаңа жұмыс орнын құру, олардың 70%-дан астамын жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар құрайды, олардың тіркелуі мен жұмыс істеуін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті растайды» Тамара Дүйсенова
Министр сондай-ақ Отбасының цифрлық картасын пилоттық іске асыру қорытындылары туралы хабарлады.
«Цифрландыру министрлігімен және өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде іске қосылған Отбасының цифрлық картасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Осы кезеңде азаматтардың әлеуметтік төлемдердің қандай да бір түрін алуға құқылы екендігі туралы 58 мың SMS-хабарлама жіберілді. Нәтижесінде ақпараттандырылған отбасылардың 22,8%-ы проактивті форматта қызмет алды, ал 36,8%-ы тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға жүгінді» Тамара Дүйсенова
Тамара Дүйсенова қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді.
«Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тәуекел тобына енгізілген 256 кәсіпорынға мониторинг жасалды. Әлеуметтік әріптестермен бірлесіп қабылданған шаралар 148 кәсіпорындағы жағдайды шешуге, 5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша қарыздарды өтеуге және 2 млн астам жалдамалы жұмыскерлердің жалақысын 5-тен 50% — ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Жалпы, Үкімет мақұлдаған еңбек жанжалдарының алдын алудың бірыңғай алгоритмін іске асыру екінші жартыжылдықта олардың санын 5 есеге қысқартуға мүмкіндік берді Тамара Дүйсенова
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде ведомство Көші-қон саясатының жаңа Тұжырымдамасы қабылданды және оны Үкімет бекітті, «Кәсіптік біліктілік туралы» заң әзірленді және қазір ол ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында, Бұдан басқа Әлеуметтік кодекстің жобасы дайындалып, ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.
Источник: qazaq.asia