406 rob
Фотосурет: Gov
Биылғы жылы қаңтар айының соңына дейін «Үйтас» саяжайының тұрғындары табиғи газбен қамтылады. Бұл — екі мыңнан астам саяжай тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізеді деген сөз. Сол сияқты наурыз айында Қызыл тас және Қаратал саяжайының 6 мыңға жуық тұрғыны таза ауыз суға қол жеткізбек. Бұл туралы бүгін журналистерге баспасөз мәслихатын өткізген Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев айтты, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Қаладағы 8-шағын ауданға газ құбырын тарту жұмыстары 2022 жылдың қыркүйегінде басталған, осы жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде. Сөйтіп көп қабатты 16 тұрғын үй көгілдір отынға қосылуға мүмкіндік алады. Биыл 2 нысан бойынша жобалау жұмыстары өз мәресіне жетпек, оның бірі қаланы газдандырудың негізгі жобасына енбеген желілер мен Мойнақ ауылындағы желілер құрылысы» Әсет Масабаев
Айта кету керек, әлі де 4 мыңға жуық көгілдір отынмен қамтылмаған тұрғын үй секторы бар. Бұл Қаратал, Қызылтас, Мерекелік, Балықты, Сарыбұлақ, Алмалы, Ащыбұлақ, 1-бөлім саяжай қауымдастықтары. Жетісу облыстық энергетика басқармасының мәліметінше, бұл учаскелерге газ тарту бойынша жобалау жұмыстары биыл басталмақ.
Сонымен қатар облыс орталығында 2023 жылы 85,2 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жоспарланған. Биылғы жылдың 2-жартысында 141 көшеде ұзындығы 71 км су және кәріз желілерін салу жөніндегі жоба іске асырылады. Сондай-ақ, Ұлан әскери қалашығында, Жастар1/1 және Еркін ауылында желілерді салу және реконструкциялау қолға алынады.
«Ащыбұлақ саяжайында сумен жабдықтау желілерінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, 700-ге жуық тұрғын таза сумен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, наурыз айында Қызыл тас және Қаратал саяжайының 6 мыңға жуық тұрғыны таза ауыз суға қол жеткізбек» Әсет Масабаев
Источник: qazaq.asia