242 rob
Фотосурет: Қызылорда облысы ТЖД
Ғафур Ақмырзаев 1991 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш кентінде дүниеге келген. Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, деп хабарлайды DKNews.kz.
2013 жылы Көкшетау техникалық институтына түсіп, тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша Беларусь Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғау университетіне ауысып, 2017 жылы сәтті бітірді.
Оқу барысында ол білім деңгейімен және мінез-құлқымен, еңбекқорлығымен ерекшеленді, өзін жақсы жағынан көрсете алды. Ол тек оқуда ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мәдени және қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысты.
Минскіде өткен жоғары оқу орындары арасындағы ұлттық-мәдени фестивальдерге және «Қазақстанның мәдениет күндері» атты іс-шараға қатысты.
Осындай игі істердің арқасында университет басшылығынан бірнеше рет алғыс хаттар алды. «Беларусь Республикасы ТЖМ Командалық-инженерлік институтына 80 жыл» естелік төсбелгісімен марапатталған. 2015 жылы университетте оқитын шетелдік студенттер арасында үстел теннисінен жарыста 1 орын алды. Беларуссияда түсірілген әйгілі режиссер Ахан Сатаевтың «Анаға жол» фильмінің қосымша эпизодында Ұлы Отан соғысының сарбазының рөлін ойнау бақытына ие болды. «Мен үшін Беларуссиядағы курсанттық күндерім шексіз айтуға болатын қызықты оқиғалар сияқты», — дейді ол.
Университетті бітіргеннен кейін Қызылорда облысы ТЖД ТЖ жою бөлімінің аға инженері лауазымына тағайындалды. 2023 жылы Беларусь Республикасы ТЖМ азаматтық қорғау университетінде төтенше жағдайларды жою және азаматтық қорғаныс саласында «магистр» дәрежесін алды.
Гафур үйленген, жұбайымен бірге екі бала тәрбиелеп отыр.
Источник: qazaq.asia