Талғампаздық пен сыпайылық: Ақтөбе облысы ТЖД офицерлік бал өткізді

Талғампаздық пен сыпайылық: Ақтөбе облысы ТЖД офицерлік бал өткізді

227 rob

Фотосурет: Ақтөбе облысы ТЖД

ТЖД жас офицерлері Ақтөбе облысы ТЖД ұйымдастырған офицерлік балға қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.   

Офицерлер «Өнер орталығында» өздерінің талғампаздығы мен сыпайылығын көрсетті.

Салтанатты кешті Ақтөбе облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Айбат Жаңабергенов ашты.

Өнер орталығына 18 жұп қатысып, вальс билеп, патриоттық әндер шырқады. Іс-шараға ардагерлер, ТЖД, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің, 20982 әскери бөлімінің офицерлік құрамы, Ақтөбе қаласының оқу орталығының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика