231 rob
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанның 17 өңірінен 180-нен астам спортшы қатысқан республикалық турнирде армияшылар үш алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленді, деп хабарлайды DKNews.kz.
87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде аға лейтенант Руслан Жапаров және Қарулы күштердің қызметкерлері Нұрбек Ғазезов (68 келіге дейін) пен Бейбарыс Қабылан (+ 87 келі) спартакиада чемпионы атанды.
Орталық армия клубы құрамасының қоржынына Қарулы күштердің қызметкерлері Бауыржан Хасенов (+ 87 келі) күмістен, Бексұлтан Сүндетбай (74 келі) қоладан олжа салды.
Турнир жеңімпаздарына марапаттарды Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев табыстады.
Источник: qazaq.asia