Табысты мансапқа есік: Алматыда жастарды жұмысқа орналастыру үшін портал құрылды

Табысты мансапқа есік: Алматыда жастарды жұмысқа орналастыру үшін портал құрылды

230 rob

Фотосурет: pixabay.com

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы жастардың жұмыс іздеуіне арналған «Jobfair365» бірыңғай платформасын іске қосты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сервис жұмысқа орналастыруды, тегін білім беру курстарын және жастарға арналған ақпараттық порталды ұсынады.

Сонымен қатар, сайтта оқу біткесін сертификат беретін қазақ және орыс тіліндегі қысқа мерзімді курстар бар.

Курстың бағытына байланысты сабақ 20-дан 30-ға адамға дейінгі топқа өткізіледі.

Пайдаланушылар аптасына 3 рет 2-3 сағат оқиды, онда оқытудың теориялық бөлігі 1 айдан 1,5 айға дейін созылады.

Қазіргі уақытта порталда 3,7 мың бос жұмыс орны бар, 20 өңірден 1,5 мың жұмыс беруші тіркелген.

Бүгінде 10,2 мың адам оқытылып, оның 9,2 мыңы жұмысқа орналастырылды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика