223 rob
Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Елорда» халық ардагерлер хорының 15 жылдық мерейтойына орай концерт өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
2008 жылы елордада «Алаш аманаты» қоғамдық бірлестігі жанынан ардагерлер ансамблі құрылып, 2021 жылы «Елорда» халық хоры атағын алды, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Бұл концертке Астананың ардагерлері қатысты. Концертте әндерден басқа елорданың «Өнерді асқақтатқан «Елорда» халықтық хоры» кітабының тұсаукесері өтті. Ол ардагерлеріміз, олардың өмірі, қалай жұмыс істегені және 15 жыл ішінде халық хорына айналғаны туралы. Биыл ғана олар Ақмола, ШҚО облыстарының бірнеше ауданында гастрольдік сапармен болды», — деп атап өтті Астана қаласы Алматы ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Мұстафин.
Мерейтойлық концертте хордың орындауында көрермен көңілінен орын тапқан әндер шырқалды.
Источник: qazaq.asia