Тәуелсіздік құрдастары

Тәуелсіздік құрдастары

328 rob

Фотосурет: gov.kz

Тәуелсіз Отанымыз – Қазақстан 32 жыл ішінде дамудың даңғыл жолына түсті.

Тәуелсіздік алған жылдары дүние есігін ашқан тәуелсіз еліміздің азаматтары мен азаматшалары, тәуелсіздік құрдастары да сан саланы меңгеріп, Бірі басшы, бірі кәсіпкер, ал енді бірі Отан қорғау жолын таңдап еліміздің қарулы күштер қатарында түрлі маман иесі болып қызмет атқарып келеді.

Біз мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскер қатарында өздерінің Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып жүрген тәуелсіздік құрдастарымен сөйлесіп, әңгімеге тартқан едік.

Майор Берік Рашев

Мен тәуелсіздік таңымен бірге түлеген ұрпақпын. 1991 жылы 8-тамызда  еліміздің солтүстігінде Петропавл қаласында Бескөл ауданында дүниеге келдім. Сол аталмыш ауданда мектеп қабырғасын бітіріп, 2008 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерінің Петропавл қаласында орналасқан әскери институтына оқуға түстім. Жоғары оқу орнын 2012 жылы аяқтап өз қызметімді Алматы қаласынан бастадым. Қазіргі таңда Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасында аға офицер болып өз қызметімді атқарудамын.

Әрине, тәуелсіз Қазақстанның төл құрдасы болу үлкен мәртебе. Бұл мереке менің өмірімнің айтулы сәті. Менің ата-анам, мен дүниеге келген жылдардағы жағдайдың  қаншалықты қиын болғандығын әлі күнге дейін айтып отырады. Отын тапшылығы, жұмыссыздық, тағы басқалары бар. Десек те, олар сол қиындықтарға төтеп беріп, ыстығы мен суығына шыдай білді. Тәуелсіздікке қол жеткізу оңайлықпен келмегені белгілі. Оны біз терең ұғынып, мойнымыздағы парызымызды адал атқарып, алдыңғы қатардан көрінуіміз қажет. Тәуелсіздік ата-баба арманы, кешегі 1986 жылғы боздақтардың бізге берген аманаты, оны сақтап қалу біздің міндетіміз екені айқын. Отан қорғау ісі маңызды салалардың бірі екені анық. Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы күштері, соның ішінде Ұлттық ұлан әскеріде дамып, алға қарай өркендеп келеді. Әсіресе соңғы жылы Қарулы күштер қатарында орын алып жатқан жаңалықтар көз қуантады. Осы тұста айтпағым, еліміздің Қарулы күштері заманауи техникалармен жабдықталып, әскер қатрындағы жастарға тегін білім алу мүмкіндіктері қарастырылып отыр. Тек бұл ғана емес айта берсек өзгерістер өте көп. Оны өздеріңізде көріп, естіп жүрсіздер.

Иә, еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері көп нәрсе өзгерді, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Қазіргі таңда Ұлттық ұлан әскерінде қызмет етіп, еліміздің өркендеуіне азда болса өз үлесімді қосып жүрмін деп білемін. Әрине өзімнің алдыма қойған армандарым мен мақсаттарым көп. Жалпы айтқанда елге елеулі, халыққа қалаулы адам болу — мақсатымның шыңы.

Майор Нұрлан Жұмабеков

Мен азаттықтың ақ таңы атқан жылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар қаласында дүниеге келдім. Әскери қызметке деген қызығушылығым мектеб қабырғасынан басталды, болашақта кім болам деген сұрақ төңірегінде көп ойланған жоқпын. Өзімді жастайымнан Отан қарғаушы еразамат  ретінде сезінетінмін. 2009 жылы мектеп қабырғасын бітірген соң көп ойланбастан ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің жоғарғы оқу орнына әскери институтқа түстім. Аталмыш оқу орнын 2013 жылы бітіріп алғашқы офицерлік «лейтенант» шеніне қол жеткіздім. Сол уақыттан бері әр түрлі сатыдағы лауазымдардан өтіп, қазіргі таңда Ұлттық ұланның Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінде өз қызыметімді атқарып келемін. Тәуелсіздік алғалы мемлекетіміздің жағдайы бірталай жақсарды.

Мәселен, өзім туып өскен Қызылжар қаласында маңызды оқиғалар көп болды. Көптеген ғимараттар бой көтеріп, мекемелер, саябақтар, спорттық нысандар мен мектептер ашылды. Ата-баба аңсаған еркіндіктің әрбір таңы мен үшін қымбат әрі қастерлі. Хан мен билер, Алаш арыстары арман еткен күнге жеткесін аянбай еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосқым келеді. Бақытты балалық шағымды ата-анамның құшағында, бауырларымның ортасында алаңсыз өткізіп, еліммен бірге есейдім. Бұл елдегі тыныштық пен тәуелсіздіктің арқасы деп ойлаймын. Тарих беттерінен мен өмірге келген жылдары еліміздің талай қиын кезеңнен өткенін байқаймын. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көп елеулі табыстарға қол жеткіздік. Алла қазақ жұртшылығын басындағы бағынан айырмай, бірлігі жарасқан тәуелсіз елде  бейбіт құмыр кешуді нәсіп етсін. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Ефрейтор Ақжарқын Қабекенова

Менің ата-анам 1991 жылы дүниеге келген  қызының қуанышы  ел тәуелсіздігімен тұспа-тұс  келгенін үнемі айтып отыратын. Мен 1991 жылы 22 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Тасқала ауданы Ақтау ауылында дүниеге келдім.  Оралда орналасқан ҚАЗИТ қазақстан инновациалық-технологиялық университетінде қаржы есепші маманы бойынша білім алдым. Аталған жоғарғы оқу орнын бітіріп көптеген мемлекеттік мекемелерде қызмет атқардым. 2020 жылы әскерилерден Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасына қызмет етуге ұсыныс келіп түсті. Көп ойланбастан әскерилердің ұсынысын қабыл алып әскери қызметші болып жұмысқа қабылдандым. Қазіргі таңда «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасында қаржы бөлімінде жұмыс істеймін.

«Елдің ертеңі — жастар» десек, жастардың жүйрік ойлы, зерек те жан-жақты, әділетті де бәсекеге қабілетті болып өсуі — басты мақсат. Мектеп қабырғасында жүргенде ұлағатты ұстаздардан тәлім алдым. Қандай маман иесі болсамда елімізге азда болса пайдам тисе деп ойлайтынмын. Өз өмірімді әскери қызметпен байланыстырып, еразаматтармен бірге иық тірестіріп Отан қорғау ісіне азда болса өз үлесімді қосып жүргеніме мақтанамын. Еліміз тәуелсіз ел болып, әрбір күні тарих беттерінде қалған 32 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетті. Осының барлығы — Қазақстанның тәуелсіз ел болуы мен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатының арқасы. Сондықтан берілген бар мүмкіндікті пайдаланып, Отанымызға адал еңбек етіп, Қазақстанды биікке жетелейік. Киелі тәуелсіздік нұры қазақ елінде ешқашан сөнбесін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Капитан Ертуған Әубәкір

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика