Тәуекелсіз ұшу: Қазақстан орнитологиялық қауіпсіздік жөніндегі шараларды қатаңдатады

Тәуекелсіз ұшу: Қазақстан орнитологиялық қауіпсіздік жөніндегі шараларды қатаңдатады

181 Awrora

Фотосурет: freepik

Республика әуежайларында орнитологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Бас көлік прокуратурасымен және бейінді ведомстволармен бірлесіп әуе кемелерінің құстармен соқтығысу ықтималдығын болдырмауға бағытталған қызметті жүзеге асырады, өйткені бұл ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету әуе кемелерінің құстармен соқтығысу қаупін барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.

Ағымдағы жылы Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуеайлақ маңындағы аумақтағы орнитологиялық жағдай бөлігінде талаптарды қатаңдататын заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізді.

Сонымен қатар, әуежайдың арнайы қызметтері орнитологиялық жағдайға мониторинг жүргізеді және дыбыстық үркітудің арнайы техникалық құралдары мен көрнекі үркіту құралдары мен аулау шараларын қолданады.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бақылау және қадағалау функциялары шеңберінде ұшу қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету нормаларын бұзуға жол берген адамдарды анықтау бойынша жұмысты жүзеге асырады, оның қорытындысы бойынша ағымдағы жылы 14 инспекторлық нұсқама шығарылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі күні әуеайлақтардың жауапкершілік аймағында әуе кемелерінің соқтығысуының салыстырмалы көрсеткіші 2023 жылы өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге (58%) азайды, сондай-ақ әуе кемелеріне зақым келтірген әуеайлақтардың жауапкершілік аймағында әуе кемелерінің соқтығысу көрсеткіші 2 есеге (89%) азайды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика