Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары туралы

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары туралы

223 rob

Фотосурет: АР

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 29 желтоқсанда «Екінші деңгейдегі банктерге,  Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының № 119 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қаулы екінші деңгейдегі банктерді кепілмен қамтамасыз етумен жұмыс істеудің, сондай-ақ капиталдың жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін (бұдан әрі – КЖБІП) және өтімділіктің жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін (бұдан әрі – ӨЖБІП) сақтау жөніндегі есепті жасаудың ішкі рәсімдерін нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында қабылданды.

Қаулыға сәйкес екінші деңгейдегі банктер 30 сәуірге дейінгі мерзімде КЖБІП және ӨЖБІП сақтау туралы есебін дайындауды және директорлар кеңесінің бекітуін, сондай-ақ ішкі (экономикалық) капиталдың ішкі әдіснамасы мен есебінің болуын 2023 жылғы 1 шілдеден кешіктірмейтін мерзімде қамтамасыз етуі керек.

Қаулыда кепілмен қамтамасыз етумен жұмыс істеу жөніндегі ішкі рәсімдерге қойылатын талаптарды кеңейту, атап айтқанда, кепіл қызметінің жеке бөлімшесінің болуы, кепілмен қамтамасыз етуді бағалау құнының статистикалық журналын жүргізу де көзделеді.

Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика