Тұтынушыларды қорғау: Алматыда белгілі брендтердің белгісімен контрафактілік өнімдер жойылды

Тұтынушыларды қорғау: Алматыда белгілі брендтердің белгісімен контрафактілік өнімдер жойылды

160 rob

Фотосурет: Алматы қаласының Әділет департаменті

2023 жылғы 23 қарашада Алматы қаласының Әділет департаменті Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулыларын орындау мақсатында 2,2 млн. теңге сомасына 700 бірлік контрафактілік өнімді жария түрде жойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Заңсыз енгізілген «LEGO» (балалар конструкторлары), «TOYOTA» (жеңіл автомобильдерге арналған ауа, отын, май сүзгілері) тауар белгілері бар өнімдер жойылды.

Контрафактілік өнімді сатып алу оларды пайдаланатын адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне теріс әсер етеді.

Ағымдағы жылдың басынан бері Алматы қаласының Әділет департаменті тауар белгілерінің құқық иеленушілерінің өтініштері бойынша барлығы 34 жоспардан тыс тексеру жүргізді, 11 млн.теңгеден астам сомаға 12 мыңға жуық контрафактілік өнім тәркіленді.

Сот қаулыларымен барлық құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша 2,2 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл түріндегі бөтен тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика