Төтенше жағдайға дайын болыңыз: мұздағы қауіпсіздік ережелері

Төтенше жағдайға дайын болыңыз: мұздағы қауіпсіздік ережелері

269 rob

Фотосурет: Астана әкімдігі

Мұз үстінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу мақсатында елордалық ТЖД қызметкерлері Астанада көшпелі рейд өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде жұқа мұз тұрғындарға қауіп төндіреді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әдетте, алдымен балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ мұзда балық аулауды ұнататындар зардап шегіп жатады.

«Күзгі мұз қараша мен желтоқсан айлары аралығында, яғни тұрақты аяз басталғанға дейін жұқа болады, сондықтан оған шығу қауіпті. Бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 10 см, топ болып тұрған адамдар үшін мұздың қалыңдығы кемінде 25 см болуы тиіс», – деді Астана қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Ренат Смағұлов.

Іс-шара барысында мұз астына түскен адамды құтқару кезіндегі іс-қимылдар бойынша көрсетілім ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, су астына түскен кезде зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету көрсетілді.

«Қазіргі уақытта қала әкімдігімен бірге ескерту белгілерін орнату жұмысы жүргізілуде. Қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», – деп толықтырды Ренат Смағұлов.

Көрме соңында құтқарушылар, полицейлер, еріктілер балық аулау орындары бойынша профилактикалық рейд жүргізді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика