Түрлі этнос жастарына мемлекеттік тілді оқыту курсының екінші кезеңі басталды

Түрлі этнос жастарына мемлекеттік тілді оқыту курсының екінші кезеңі басталды

Қаладағы «Достық үйі» ғимаратының «Бірлік алаңы» коворкинг орталығында түрлі этнос жастарына мемлекеттік тілді оқыту курсының екінші кезеңінің басталуына орай арнайы жиын өтті.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев, “Қоғамдық келісім” мекемесінің басшысы Ербол Байқонақов мемлекеттік тіл еліміздегі өзара достықтың, татулықтың бастауы екенін атап өтіп, түрлі этнос өкілдерін мемлекеттік тілді үйренуге шақырды.

«Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тілдің дамуына көп көңіл бөлінуде. Еліміздің қоғамдық өмірінде, мемлекеттік органдарда белсенді қызмет атқару үшін мемлекеттік тілді білулерің керек. Тілді үйренуге барлық жағдай жасалып отыр. Ендеше барша этнос өкілдерін осы дәріске қатысуға шақырамын»,  — деді басқарма басшысы.Іс-шарада Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының қызметкерлері тарапынан курсқа қатысушыларды топтарға бөлу, курс жұмысының уақыттарын белгілеу, т.б. хабарламалар жасалды.
Мелекеттік тілді оқыту курсының екінші кезеңінде этнос жастарының арасынан тілді үйренуге 40-тан астам адам ниет білдіріп отыр.
2023 жылдың қаңтар және мамыр айы аралығында «Бірлік алаңы» коворкинг орталығында түрлі этнос өкілдеріне мемлекеттік тілді оқыту курсы бойынша 37 сабақ өткізіліп, онда 100-ге жуық адам дәріс алды. Қорытындысында этнос өкілдері 30 маусым күні сынақ тапсырып, нәтижесінде курсты оқығандығы туралы анықтамаға ие болды. Екінші кезеңдегі оқыту курсы алдағы төрт айға жоспарланып отыр.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика