543 rob
Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел университетінде республикалық робот фестивалі өтті. Білімділер сайысында Түркістан облысы, Төлеби ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының оқушыларынан құралған «TeenLights» командасы Robot Design бағыты бойынша жүлделі бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Дарынды оқушылар Астана қаласында өтетін «First Kazakhstan — 2023» робот құрастырушылар сайысына жолдама алды. Мұнда жеңіске жеткендер Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданып, халықаралық сындарға қатысады.
Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларынан құралған «Teen Lights» командасын сайысқа білікті жетекші Сәкен Далмырзаев бастап барды.
Источник: qazaq.asia