Домой Қазақша Түркістан облысының әкімі кәсіпкерлікті дамыту, идеясы бар жастарға қолдау көрсету жөнінде...

Түркістан облысының әкімі кәсіпкерлікті дамыту, идеясы бар жастарға қолдау көрсету жөнінде тапсырма берген болатын

167
0

Түркістан облысының әкімі  кәсіпкерлікті дамыту, идеясы бар жастарға қолдау көрсету жөнінде тапсырма берген болатын

337 rob

Фотосурет: АР

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кәсіпкерлікті дамыту, идеясы бар жастарға қолдау көрсету жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта аудан, қалаларда жұмыс жүріп жатыр. Жаңадан кәсібін ашқандардың бірі – Жаңабек Фариза. Кентау тұрғыны мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, бүгінгі таңда сағат, кескіндеме бұйымдарын шығаруда. Ерекше бұйымдарды эпоксидті шайыр өнімін қолдану арқылы жасайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Фариза Мықтыбекқызы бұл кәсіп түрін курстарға қатысып, үйренген. «ResinArt» техникасымен жұмыс жасауды игеріп шыққан. Бүгінде кәсіпкер шеберхананы жалға алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Кәсіп бастағанына көп болмаса да, өнімдеріне жергілікті тұрғындар тарапынан тапсырыстар аз емес. Эпоксидті шайыр өнімінің кебуіне байланысты, аптасына екі, үш тапсырыс қабылдауда. Қазір Кентауда аталмыш кәсіп түрімен айналысатын шеберлер саны артып келеді.

«Бұл кәсіптің өз ерекшелігі болғандықтан таңдадым. Енді дамып жатқандықтан сұраныс көбірек. Бұл іс көпшілікке қызық, сол үшін үйренуге ниетті жандар көп. Бірақ оңай көрінгенімен үлкен еңбекті талап етеді», дейді жас кәсіпкер.

Источник: qazaq.asia

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму