Түркістан облысындағы бір тәулікте жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары

Түркістан облысындағы бір тәулікте жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары

184 rob

2023 жылғы 3 қаңтардағы сағат 11:45-тен 2023 жылғы 4 қаңтардағы сағат 07:00-ге дейінгі аралықта бір тәулік ішінде облыстың Қазығұрт, Созақ, Бәйдібек, Төлеби аудандарында және Кентау қаласында, аудандық маңызы бар тас жолдың 7 учаскесінде ТЖД күштерімен 44 қызметкер және 7 бірлік техника құрамында қар құрсауында қалып қойған 4 жүк көлігі, 2 жолаушылар автобусы және 11 жеңіл автокөліктен 92 адам құтқарылып, оның ішінде 5 бала жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Олар медициналық көмекті қажет етпеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ және ЖАО-ның барлығы 512 адамы мен 207 техникасы жұмылдырылды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика