Түркістан облысында жолдар түгел ашылды

Түркістан облысында жолдар түгел ашылды

306 rob

Түркістан облысында ауа райының күрт құбылуынан қалың қар жауып, облыстық маңызы бар 8 жол жабылған болатын. Аталған мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауына алынып, жедел жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде өңірдегі жолдардың бәрі қардан тазартылды. Қазіргі таңда автокөліктер еш кедергісіз жүре алады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өңірде боран мен жел салдарынан елді мекендерде электр желілері зардап шеккен болатын. 778 бағана құлап, күрделі жағдай қалыптасты. Бұл бағытта да ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. 35 бригада мен 44 техника жұмыс істеуде. Атап айтсақ, Созақ, Сауран, Қазығұрт, Отырар, Бәйдібек аудандары мен Кентау қаласында жедел іс-шаралар қолға алынды. Арнайы бригадалар жасақталып, ауылдарға электр жарығы берілуде.

6 қаңтардағы мәлімет бойынша 3 аудандағы 13 елді мекенде электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, Қазығұрт ауданында 3 елді мекен, Бәйдібек ауданындағы 8 елді мекен және Созақтағы 2 ауылға электр жарығы енді берілмек. Бұған дейін жедел жұмыстар нәтижесінде ондаған ауылға электр жарығы берілген болатын.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика