Түркістан облысында егіс алқабы кеңеюде: ауыл шаруашылығына жаңа мүмкіндіктер

Түркістан облысында егіс алқабы кеңеюде: ауыл шаруашылығына жаңа мүмкіндіктер

208 rob

Фотосурет: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысында жалпы егіс алаңы артып, 873,6 мың гектарды құрады. Өңірде көктемгі дала жұмыстары белсенді жүруде. Егістікті әртараптандыруға басым бағыт берілген. Оған сәйкес дәнді дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 15 мың гектарға артып, 335 мың гектарға жеткізілді. Биыл жүгері мен маш өсіруге ниет білдірушілер саны өскен. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тапшылығын тудырмау мақсатында биыл ерте пісетін қырыққабат, сәбіз пияз бен картоп, бақша дақылдары артты, деп хабарлайды DKNews.kz.   

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңесте көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы баяндалды. Облыс әкімі дала жұмыстарын барлық ауданда күшейтіп, өңірде мақта – тоқыма кластерін дамытуға басымдық беруді тапсырды. Жұмысты жандандырып, шаруаларға берілетін көмектердің жылдам әрі жүйелі түрде үйлестірілуі бақылауда болуын ескертті.

Шаруаларға берілетін мемлекеттік қолдау көлемі артты. Минералды тыңайтқыштарға 7 млрд.теңге бөлінеді. Қаржыландыру арқылы 10 мың тонна жүгері, 222 гектар жылыжайлар субсидияланады. Қосымща республикалық бюджеттен 8,5 млрд.теңге қаржы бөлу ұсынылды. Мақтаның 1,7 мың тонна шитін, 85 мың тонна жүгері мен 1,6 мың тонна бидайдың элиталы тұқымы субсидияланады. Қаржыландыру арқылы 462,6 млн м3 ағын су арзандатылған бағамен жеткізіледі. 22 мың тонна жуық жанармайға өтінім тапсырылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру 2024 жылы 13,4 млрд.теңгені құрады.

Биыл 201,7 мың га күздік егіс жиналды. 300 мың гектар егістікке жер жырты жұмыстары жүргізілді. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының басшысы Нұрбек Бадырақовтың баяндауынша, Көктемгі жала жұмыстарына техника толық дайын. Биыл 1382 комбайн, тракторлар мен қосымша құрал — жабдықтар сатып алынды. Облыста 24 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы бар.

Биылдан бастап барлық мемлекеттік қолдаулар субсидиялаудың жаңа ақпараттық жүйесі gosagro.kz веб порталы арқылы тегін жүргізіледі.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика