Фото: ТЖМ
Толассыз жауған жаңбыр мен қардың еруінен Түркістан облысының бірнеше қаласы мен аудандарын су басты, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Алматы, NEGE. Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше, облыста қардың еруі мен жауын-шашынның көп түсуіне байланысты 8:00-ден бастап таулы аудандарда су деңгейі көтеріліп, аулаларды су алған.
Соның салдарынан Кентау мен Түркістан қалаларында, Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарында аулалар мен көшелерді су басты.
«ТЖД күштерімен үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында және жаңбыр суын сору бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді ТЖМ.
Источник: qazaq.asia