Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан қазақстандық Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтың денесі Алматыға жеткізілді, — деп
- АВТОР
- Дина Шарипханова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан қазақстандық Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтың денесі Алматыға жеткізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қаза болған отандастарымыздың мәйіті Антакья қаласынан Анталияға жеткізіліп, 11 ақпанда кешке Алматыға жеткізілді. Барлық көлік шығындарын мемлекет өз мойнына алды», — деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске салайық, 8 ақпанда Түркияның Қазақстандағы елшісі төрт қазақстандық із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Сол күні үйінді астынан қазақстандық Сабина Мамадьярова құтқарылды.
Бейсенбі күні қазақстандық құтқарушылар Антакьяда толығымен қираған алты қабатты ғимараттың үйіндісін тазарту кезінде Қазақстан азаматы Әділ Қадырбековтің денесін тапты. Кейінірек екінші қазақстандық Мирболат Құрмашевтың денесі табылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia