Тәрбиеші офицерлерге құрмет көрсетілді

Тәрбиеші офицерлерге құрмет көрсетілді

249 rob

Қарулы күштеріміздің тәрбие офицерлері құрылымының құрылған күнінің 30-жылдығына орай Аягөз гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері тәрбиеші офицерлерін құттықтап, оларға жауынгерлік рух берді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Біздің армиямыздағы тәрбиешілердің ең жақсы дәстүрлерін Аягөз гарнизоны әскери бөлімдеріндегі тәрбие құрылымдарының офицерлері жалғастырып келеді.

1993 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің Қарулы күштерінде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының институты құрылған болатын.

Тәрбие жұмысы органдарының құрылу тарихы Қарулы күштердің қалыптасуы мен даму тарихымен тығыз байланысты. Бұл жеке құрамның әскери және оқу-жаттығу тапсырмаларын орындауға моральдық және психологиялық дайындығын бағалаудағы жаңа, жоғары критерийлерге қатысты болды.

Осы міндетті шешудегі негізгі рөл жеке құрамның моральдық-іскерлік қасиеттерін қалыптастыруға арналған тәрбие және идеологиялық жұмыстар органдарына берілді.

Гарнизондағы тәрбиеші офицерлердің жаңа буыны да, аға буынның даңқты дәстүрлерін лайықты жалғастырып келеді. Осы жылдар бойы тәрбие құрылымдарының офицерлері бөлімдер мен құрамалардың командирлерімен бірлесіп әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту, бөлімшелердегі моральдық-психологиялық жағдайды сауықтыру, жеке құрамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды қамтамасыз ету шеңберінде тәрбие жұмысының елеулі атқарды. Оған дәлел Қарулы күштерде өткізіліп жатқан жарыстар мен оқу-жаттығуларда Аягөз гарнизонның әскери қызметшілері жеңіп алған жоғары бағалар болып табылады.

Осындай айбынды әскеріміздегі өзіндік ерекше маңызды рөлі мен қызметі бар тәрбиешілер күні қарсаңында Аягөз гарнизонының барлық әскери бөлімдерінің командирлері тәрбие құрылымының офицерлерінің басын бір арнаға жинап кәсіби мерекенің 30-жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ, бір қатар қызметтерін абыроймен атқарып, көзге түскен тәрбиеші офицерлерге мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табыс етіп, көркем өнерпаздардың бірлескен концерттік бағдарламасын тамашалады.

— Бүгінгі таңда жеке құраммен тәрбие және идеологиялық жұмыс–бұл армияның мүддесі үшін ғана жұмыс істейтін, үнемі дамып, жетілдіріліп отыратын үйлесімді механизм. Осындай әскери ұжымымызда тыңғылықты жауапты қызмет атқаратын әріптестерімізді кәсіби мерекесімен құттықтамау әрине мүмкін емес. Еліміздегі ахуал байланысты жылдағыдай көлемді етіп құттықтамасқта, елеп-ескеруді жөн деп санадық
Жалпы әскери бөлімнің барлық жеке құрамы атынан Қарулы Күштердің және гарнизонымыздағы тәрбие құрылымдарының барлық офицерлерін бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтаймын, — деді танк бригадасы командирі подполковник Дәулет Сүттібаев.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика