230 rob
Фотосурет: А.Байжұманов / Сенаттың Баспасөз қызметі
Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі мемлекеттік қаржыландырудың рөлі» тақырыбындағы семинар жұмысына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы Ақмарал Әлназарова қатысушыларға арнап сөз сөйледі. Ол Қазақстан Республикасының Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі парламенттік комиссияның жұмысы аясында үш жұмыс кеңесі мен әлеуметтік және экологиялық мәселелер бойынша екі отырыс өткенін, онда тиісті ұсынымдар дайындалғанын хабарлады.
«Бүгінгі семинар бізге, заң шығарушыларға, орнықты дамудың ұлттық мақсаттарына қол жеткізу үшін бюджет жүйесін мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижеліболуына қарай қайта бағдарлауға оң қадам жасауғамүмкіндік береді. Мемлекеттік қаржыны жұмсау тиімділігінің мониторингі жүйесіне ОДМ-ды дәлме-дәл кіріктіру маңызды кезеңболуытиіс. Менің ойымша, әзірленіп жатқан жаңа Бюджет кодексі аясындаосы мәселелер бойынша ауқымдыбірлескен жұмыс күтіп тұр» Ақмарал Әлназарова
Семинарды өткізудің мақсаты Парламент депутаттары мен сарапшылар қауымдастығын әртүрлі факторлар мен өлшемшарттарды ескере отырып, бюджетті жоспарлау мен жасақтау кезінде орнықты даму мақсаттарымен мемлекеттік қаржыландыруды кіріктіру мен үйлестірудің неғұрлым тиімді тәсілдерімен таныстыру екенін атап өткен жөн.
Источник: qazaq.asia