Тұрғындардың бастамасымен Қарағанды облысында тағы бір ДСК салынды

Тұрғындардың бастамасымен Қарағанды облысында тағы бір ДСК салынды

367 rob

Балқашта Қоңырат шағын ауданында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл туралы тұрғындар сұрады. Енді балалар мен ересектер үйдің жанында спортпен шұғылдана алады.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Балқашқа жұмыс сапары кезінде жаңа нысанды аралап қайтты.

— Осы кешенде спортпен айналысатын жастар биіктерден көрінетініне, республикалық және халықаралық жарыстарда біздің облысымыздың намысын қорғап, абыройын асқақтататынына сенімдімін, — деп өңір басшысы балқаштықтарды спорт кешенінің ашылуымен құттықтады.

Екі қабатты ғимаратта ойын корты мен күреске арналған зал, тренажерлар бар. Ерлер мен әйелдер үшін душ және ванна бөлмелері бар бөлек киім ауыстыратын бөлмелер жұмыс істейді.

Кешенде баскетбол, футбол, волейбол, бокс, кикбоксинг, дзюдо, еркін күрес және басқа да секциялар жұмыс істейтін болады. Штатта жаттықтырушы және медициналық қызметкер бар. Барлық қажетті жабдықтармен қамтылған. Сергіту орны мен демалуға арналған зал бар.

— Осыған дейін дойбы ойнының әуесқойлары секцияға бару үшін Қоңырат шағын ауданынан қалаға барып тұруға мәжбүр болатын. Енді бізде заманауи спорт кешені ашылды. Бұл өте ыңғайлы. Спортпен айналысу үшін барлық жағдай жасалған, — дейді дойбы бойынша жаттықтырушы Гүлмира Сматаева.

Өз ризашылықтарын тұрғындар да білдірді.

— Мұнда үлкен ұлымды алып келдім. Еркін немесе қазақ күресімен айналысатын болады. Соңыра кіші балаларым да спортпен шұғылданатын болады, өздері қалаған бағыт бойынша айналысады, — дейді төрт баланың әкесі Самрат Түскеев.

Сонымен қатар, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жастар мен еріктілер үшін коворкинг ұйымдастырылды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика