Құтқарушылар төрт адамның өмірін сақтап қалды

Құтқарушылар төрт адамның өмірін сақтап қалды

167 Арман

ТЖД күшімен техникалық ақаулы жеңіл автокөліктен төрт адам құтқарылып, Ерейментау қаласындағы тұрғылықты жеріне жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Шақырту орнына ТЖ Департаментінің «ТРЭКОЛ» 1 бірлік техникасы және Ілияс Әубәкіров, Қуан Ақылбеков, Байырлы Көпенов және Сағыныш Билялов шыққан болатын, деп хабарлайды DKNews.kz.

«2023 жылғы 03 қаңтарда достарымызбен «Нива» автокөлігімен Ерейментау қаласынан «Масақпай» шалғай учаскесіне жол тарттық, ауа райы ашық болатын, алайда қайтар жолда бораңдатып жол жабылып, түнгі сағат 21-ден 4-ке дейін біз қарды күрекпен тазалап, қар барқандарынан өте алмадық, содан кейін көлігіміз ойпатқа құлап, істен шықты. Біз «101» және «102» құтқару қызметіне жүгіну туралы шешім қабылдадық, қайда екенімізді түсіндірдік, шамамен 3 сағат бойы суық көлікте көмек күтіп, ұйықтап қалдық, ұялы телефондарымыздың қуаты өшіп қалған. Таңертеңгі сағат 8 шамасында құтқарушылар көліктің терезесін қағып, бізді оятып, жылы етік кигізіп, ыстық шай берді. Эмоцияларымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, бүкіл өміріміз көз алдымызда жоқ болып кеткендей көрінді. Ерейментау ауданы мен Ақмола облысының барлық құтқарушыларына біздің құтқарылған өміріміз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз, олардың кәсібилігінің арқасында бақытсыздық отбасыларымызды айналып өтті, біз үйге аман-есен оралдық, Сізге және сіздің ұжымыңызға зор денсаулық, қиын істе табыс тілейміз» Талғат Байтеміров

Ақмола облысының ТЖД азаматтарға ауа райын бақылап, құбылмалылығына назар аудару қажеттігін еске салады. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Ауа райы, жолдардың жабылуы мен ашылуы туралы ақпаратты «Darmen» мобильді қосымшасынан білуге болады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика