440 rob
Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары және «Қызылорда газ тарату жүйесінің» Сырдария аудандық газ шаруашылығының шебері О. Сайлаубеков сауда орындарында, қоғамдық тамақтану орындарында, жеке тұрғын үй секторларында түсіндірме жұмысын жүргізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Олар жылу беру маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы айтып, тұрмыстағы өртті болдырмау жөнінде ескертті.
Іс-шара барысында 59 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 30 үнпарақ таратылды.
Источник: qazaq.asia