207 rob
Фотосурет: ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов атыраулық сүңгуірлер мен слесарларды марапаттады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Марапатты министр атынан облыс әкімі Серік Шапкенов табыстады.
Естеріңізге сала кетейік, 10 желтоқсан күні жергілікті мамандар Жайық өзеніндегі су насостарын ұсақ мұз кристалдарынан тазартты. Сүңгуірлер мен слесарлардың жұмысы түсірілген бейнежазба желіде таралып, қазақстандықтардың ыстық ықыласына ие болды.
Жалпы саны 7 адам министрдің Алғыс хатымен марапатталды. Олар:
Талғат Сәрсенбайұлы Құлбаев — «Атырау облысы су арнасы» КМК су құбыры жүйелерін тазалау станцияларын пайдалану және жөндеу, химиялық және бактериологиялық бақылауды ұйымдастыру қызметінің слесарь-жөндеушісі.
Сағындықов Ерғазы Қанаұлы — «Атырау облысы су арнасы» КМК желілерді диагностикалау және сумен жабдықтау бойынша слесарь.
Молдағалиев Амангелді Сағынғалиұлы — «Атырау облысы су арнасы» КМК су құбыры жүйелерін тазалау станцияларын пайдалану және жөндеу, химиялық және бактериологиялық бақылауды ұйымдастыру бойынша слесарь.
Салуян Сергей Анатольевич — «Гидротехникалық компания» ЖШС сүңгуірлер бойынша маман.
Черепанов Николай Борисович — «Гидротехникалық компания» ЖШС сүңгуірлер бөлімінің басшысы.
Акентьев Владислав Витальевич – «Гидротехникалық компания» ЖШС сүңгуірі.
Погодаев Владимир Георгиевич — көлік жүргізушісі.
«Су шаруашылығы мамандарының күш-жігерінің арқасында Атырау қаласы мен көршілес елдімекендерді сумен қамтамасыз ету қысқа мерзімде қалпына келтірілді. Жергілікті тұрғындар бұл үшін өте риза екеніне сенімдімін. Қазақстандықтар олардың қандай жұмыс атқарғанын өз көздерімен көрді. Олардың жанқиярлық еңбегі миллиондаған отандастарымыз үшін үлгі болды», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Источник: qazaq.asia