232 Awrora
Фотосурет: Depositphotos
ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Смағұлов сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке қатысты заңнамалық өзгерістер жайлы баяндады, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Ол туралы қоғамдық ұйымдар болып өте көп жазып, талап еткен едік. Біріншіден, жемқорды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу. 2020 жылдың 20 желтоқсанынан бастап, яғни 2 жылдан астам сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жаза күшейтілді. Атап айтқанда, ауыр және аса ауыр жемқорлық фактісі бойынша қылмыс жасаған тұлғалар шартты түрде мерзімінен бұрын босатыла алмайды. Яғни, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, жемқор шенеунік бұл мерзімін толық өтеуі керек. Сондай-ақ пара алумен байланысты қылмыстар бойынша кінәлі тұлға жазасын ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтеуге мүмкіндігі болған. Бұл заңда қарастырылған болатын. 2020 жылғы заңнамалық түзетулер пакеті бұл мүмкіндікті жоққа шығарды» Дидар Смағұлов
Источник: qazaq.asia