Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы: 8 нысан назарда

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы: 8 нысан назарда

364 Awrora

Фотосурет: Gov

Атырауда жемқорлық тәуекелдер картасына енген 8 нысан бақылауға алынды, деп хабарлайды DKNews.kz.

 

Антикордың Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Атырау облысына жасаған жұмыс сапары аясында қоғам өкілдерімен өткен кеңесте жемқорлық тәуекелдерінің картасына енген 8 нысанды бақылауға алғандығын айтты.

Олар: Қызылқоға және Махамбет аудандарындағы мәдениет үйлері, Исатай және Мақат аудандарындағы 60 пәтерлі тұрғын үйлер, Индер ауданындағы 80 пәтерлі тұрғын үй, Талғайран ауылындағы 9 қабатты 90 пәтерлі тұрғын үй және кәріз және сумен жабдықтаудың инженерлік желілерін салу, сондай-ақ, Исатай ауданы Аққыстау ауылындағы өрт сөндіру депосы.

Бюджет қаражатын жымқыруға жол бермеу барысында аталған нысандарға мониторинг жүргізіледі. Бұл процеске сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер де, жұртшылық та қосылды», — деп атап өтті Саян Ахметжанов.

Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында мердігер ұйымның өкілдері мен тапсырыс берушілердің қатысуымен Талғайран ауылындағы объектілердің құрылыс барысымен танысты.

Саян Ахметжанов өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтардың қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты міндеті болып табылатынын атап өтті. 

Қоғамдық кеңестің төрағасы Мақсым Ізбасов өңірдің өнеркәсіптік мәселелерін шешуге мүдделі қоғамды тарту табысқа жетуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күшті иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Саян Ахметжанов кездесу соңында айтылған ұсынымдар мен ұсыныстарды, сондай-ақ өңір тұрғындарының әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуде қолдау көрсетуге және күш біріктіруге шақырды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика