Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды

Фото: ғаламтордан

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды, деп хабарлайды ҰҚК. 

Алматы, NEGE. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу аясында жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М.Қожабаевты ұстады.

«Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», — деп атап өтеді комитеттің баспасөз қызметінен.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика