231 rob
Фотосурет: А.Байжұманов / Сенаттың Баспасөз қызметі
Сенатор Әли Бектаевтың төрағалық етуімен Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы болды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Сенаторлар еліміз Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан және Абай облыстарының су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін қарастырды. Атап айтқанда, Жайық және Ертіс өзендерінің су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері туралы жан-жақты әңгіме болды.
«Тәуелсіздік алған сәттен бастап трансшекаралық өзендерді ұтымды пайдалану мен қорғау проблемасы Қазақстан үшін тұрақты және қауіпсіз дамуды қамтамасыз етудегі басым мәселенің біріне айналды. Тек біздің ұлттық қауіпсіздігіміз ғана емес, сонымен бірге бүкіл Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі трансшекаралық өзендер жағдайының табысты шешілуіне байланысты» Жанболат Жөргенбаев
Отырыста Су шаруашылығы және ирригация министрінің орынбасары Нұрлан Алдамжаров және тиісті өңірлер әкімдерінің орынбасарлары облыстардың су ресурстарын тиімді пайдалану туралы есеп берді.
Шараға ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар министрлерінің орынбасарлары, өнеркәсіп және құрылыс, ғылым және жоғары білім, сыртқы істер және көлік министрліктерінің өкілдері, облыс әкімдіктерінің басшылығы және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Сенатор Әли Бектаев отырысты қорытындылай келіп, айтылған ұсыныстар ескерілетінін және депутаттар корпусының саланы жетілдіру жөніндегі мемлекеттік органдарға жіберілетін ұсынымдары әзірленетінін атап өтті.
Источник: qazaq.asia