Суға батқан жүргізушінің денесі Алакөлден табылды

Суға батқан жүргізушінің денесі Алакөлден табылды

Фото: ТЖД

Суға батқан жүргізушінің денесін Алакөл көлінде сүңгуір құтқарушылар тапты, деп хабарлайды ТЖД. 

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 15:10 шамасында Нива маркалы автокөліктің жүргізушісі жолаушымен Алакөл көлін мұз үстімен кесіп өткен болатын. Мұз жамылғысының сынуы нәтижесінде көлік су астында қалды. Көлікте отырған жолаушы көліктен шыға алды. Өкінішке орай жүргізуші көлік салонынан шыға алмай суға батып кетті.

Жұмыс барысында бүгін 14 қаңтарда таңертең сағат 11-де Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен жер бетіне шығарды.

Құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ күштері мен құралдары Абай облысының жедел құтқару жасағынан 4 адам, 1 техника бірлігі, ЖАО 25 адам 6 техника бірлігі тартылды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика