170 Awrora
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Астанада Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне білім гранттары берілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
13 қарашада 6636 әскери бөлімінің саптық алаңында 2-2022 жылы әскерге шақырылған сарбаздарға гранттар салтанатты түрде табыс етілді. Олар енді Қазақстан бойынша жоғары оқу орындарына тегін оқуға түсе алады.
Үздік әскери қызметшілерді марапаттау және оларға оқу гранттарын беру рәсімі – Отан ісіне атсалысып жүрген жауынгерлерді ынталандыруға арналған шара.
Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу гранттарын салтанатты түрде тапсыруға аталған полктің құрметті ардагері запастағы подполковник Тауыржан Қанафин, елордалық №25 мектептің «Жас бүркіт» мамандандырылған сыныптарының оқушылары және сарбаздардың ата-аналары қатысты.
Айта кетейік, елордалық Ұлттық ұлан полкінің 400-ден астам әскери қызметшісі арнайы сертификаттар алуға үміткер болған. Олардың тек қана он бірі жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алды.
Соңғы 11 айда әскерге шақыру бойынша келген әскери қызметшілер конкурстың іріктеуіне өту үшін құқықтық және жауынгерлік дайындық бойынша жоғары баға жинады.
Білім беру гранттарын полк командирі полковник Ерлан Буранбаев тапсырды.
«Жоғары білім алу ойлау процесін арттырып, ой-өрісін кеңейтеді және жаңа мүмкіндіктерге жола ашады. Жоғары білім – мақсат емес, құрал. Баршаңызға жаңа жетістіктер, шабыт пен шығармашылық табыс тілеймін» Еран Кәрімжанұлы
Жауынгерлік дайындық, тәртіп, барлық міндеттерді толық орындау, үміткердің психологиялық деңгейі – «Мерзімді 2.0» байқауына іріктеудің негізгі талаптарына жатады. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 17 мыңнан астам сарбаз қатысты. Өткен жылдың қазан айында ҚР Қорғаныс министрлігі мен еліміздің 70 жоғары оқу орнының өкілдері ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Соңғы 11 айда әскерге шақыру бойынша келген әскери қызметшілер конкурстың іріктеуіне өту үшін құқықтық және жауынгерлік дайындық бойынша жоғары баға жинады.
Жауынгерлік дайындық, тәртіп, барлық міндеттерді толық орындау, үміткердің психологиялық деңгейі – «Мерзімді 2.0» байқауына іріктеудің негізгі талаптарына жатады. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 17 мыңнан астам сарбаз қатысты. Өткен жылдың қазан айында ҚР Қорғаныс министрлігі мен еліміздің 70 жоғары оқу орнының өкілдері ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
«Әскерде қызмет ету – әр адамның міндеті. Мұнда мен үздік әскери қызметшілерге жоғары оқу орындарында гранттар берілетінін білдім. Бұл тамаша мүмкіндік. Менің күш-жігерім жоғары бағаланды, мен Тәуелсіз Қазақстанымызды дамыту үшін міндетті түрде жоғары білім аламын» үздігі қатардағы жауынгер Әділ Сарин
Бейінді министрліктің мәліметінше, осы күзде өткен жылдың әскерге шақырылған сарбаздарына 1500 грант бөлінген. Қорғаныс министрлігінің 600 әскери қызметшісіне, Ұлттық ұланның 700-ден астам сарбазына грант берілді. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінде мерзімді қызмет өткеретін сарбаздарға гранттар беріледі.
Источник: qazaq.asia