Стендтік атудан Әлем Кубогының финалы: Армия атқышы Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды

Стендтік атудан Әлем Кубогының финалы: Армия атқышы Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды

156 rob

Фотосурет: ҚР ҚМ

Катар астанасы Дохада стендтік атудан Әлем Кубогының финалы өтуде. Жарысқа 42 елден 170-тен астам үздік атқыштар қатысып жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әлем Кубогының финалында Орталық спорт клубының спортшысы кіші сержант Әсем Орынбай скиттік атудан алтын медаль жеңіп алды.

Ол италиялық қарсыласы Чиара Димен болған тартысты күресте 51-50-мен есеп айырысып, жеңіске жетті. Қола жүлде АҚШ спортшысы Дания Джо Вицциға бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында Армия спортшысы Әсем Орынбай екі алтын және бір қола жеңіп алған болатын.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика