251 rob
Фотосурет: ҚР МҚІА
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері екінші халықаралық «Ыстанбұл HR форумына» қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Форумның мақсаты – мемлекеттік басқару саласындағы адами капиталды дамыту және HR процестерін цифрландыру саласында тәжірибе алмасу және қолдау көрсету.
Шараға ТМҰ мүше елдер – Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан республикалары уәкілетті органдарының өкілдері және HR саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты.
Панельдік сессияларда мемлекеттік қызметтегі өзгерістерді басқарудағы жасанды интеллект пен заманауи технологиялардың ықпалы талқыланды.
Қазақстандық тарап елімізде «e-Qyzmet» жүйесі арқылы мемлекеттік қызметке іріктеуде цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті. МҚІА төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов таланттарды мемлекеттік қызметке тартудағы тиімді тетіктердің бірі – Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу жайлы баяндады.
Сондай-ақ форум аясында ТМҰ-ға мүше елдер мен оның бақылаушылары қатысқан семинар өтті. Онда мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен дағдыларын, құзыреттілік деңгейін арттыру бойынша бірлескен оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, Түркі әлемінің адам ресурстарын дамыту институтын құру мәселелері талқылады.
Қатысушылар мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту үшін халықаралық ұйымдар және шетелдік институттармен өзара іс-қимылдың маңыздылығына тоқталып, ынтымақтастыққа қашанда дайын екендіктерін білдірді.
Источник: qazaq.asia