233 Арман
Фотосурет: Yevgeniy Sambulov/CP
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде (TikTok, Instagram және т.б.) азаматтардың банкроттығы бойынша ақылы қызметтер көрсету туралы жарияланымдарды орналастыру жағдайлары жиілеп кетті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мемлекеттік кірістер комитеті соттан тыс банкроттық (қарызы 5,5 млн теңгеден аспайтын) мүлдем тегін рәсім екенін хабарлайды.
2023 жылдың наурыз айынан бастап бұл қызметті E-gov сайты және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.
Банкроттық туралы толығырақ ақпарат алу үшін азаматтарға 1414 (қосымша нөмір 3) нөмірі немесе Telegram-чат арқылы хабарласу қажет.
Банкроттық рәсімінен өту тәртібі туралы ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің және Мемлекеттік кірістер комитетінің сайттарында жарияланған.
Источник: qazaq.asia