Смартфон және жоғалған бала: күзетшілер адамдарға қалай көмектесті

Смартфон және жоғалған бала: күзетшілер адамдарға қалай көмектесті

323 rob

Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Жаңа жылдың бірінші күні елордалық жедел бригаданың әскери қызметшілері азаматтарға екі рет көмектесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мәселен, 1 қаңтарда сағат 17:15 шамасында «Нұра» ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде саябақтардың бірінде ересектердің еріп жүруінсіз кішкентай баланы көреді.

Әскери жасақ бастығы-қатардағы жауынгер Айдын Мәдениетов пен патрульші-қатардағы жауынгер Дінмұхаммед Қуанған бұл факт туралы патрульдік топ бастығына баяндап, жақын маңдағы нарядтарды хабардар етеді.

Қысқа уақыттан кейін сарбаздар баланың анасын тауып, оны ата-анасына қайтарады.

Қуанышты ана әскерилерге сәтті қызмет тілеп, жауаптылығы мен жеделдігі үшін алғысын айтты.

Екінші оқиға кешкі сағат 23:45 — те орын алды, мерекелік шыршаның жанындағы патрульдік маршруттағы бұл әскери жасақ 15 Pro IPhone моделін тапты.

Бұл туралы басшылыққа хабарланды.

— Біз іздеуді бастағаннан кейін смартфонға телефон иесінен қоңырау түсті. Кейін ол табылған жерге келді. Әңгіме барысында біз смартфонның осы жас жігітке тиесілі екеніне көз жеткіздік, — дейді қатардағы жауынгер Мәдениетов.

Осыдан кейін жас жігіт сарбаздарға қырағы және адал қызмет еткені үшін алғыс айтты.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика