326 Awrora
Өскемен гарнизонында әскери және құқықтық тәртіпті нығайтуға, әскери қызметтен жалтару, қызметке шықпау және бөлімді өз еркімен тастап кетудің алдын алуға бағытталған онкүндік өтіп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.
Онкүндік аясында Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімінің қызметтерлерімен әскери бөлімдер мен мекемелерде қылмыспен күрес жүйесін, құқық бұзушылықтардың алдын алу профилактикасы мен оларды ескертуді жетілдіру мәселелері тақырыбында іс-шаралары ұйымдастыруда.
Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімі анықтау және іздестіру бөлімшесінің офицер-уәкілі әділет аға лейтенанты К.Ахметов жиын барысында әскери қызметшілерге аталған құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әскери қызметшілердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы ақпарат берді.
«Мұндай шараларды әскери қызметшілер арасында өткізудің маңызы жоғары. Себебі, әңгіме жұргізу арқылы қызмет барысында түрлі заң бұушылықтардың алдын алуға мүмкіндік туады. Онкүндік аясында арнайы шаралар легі бекітілді. Жоспарға сәйкес Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдерге барып, әскери қызметшілермен кездесіп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз» тәртіп сақшысы әділет аға лейтенанты К.Ахметов
Сондай-ақ, Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімінің қызметкерлерімен әрдайым қызмет көрсетілетін гарнизоннын әскери бөлімдері мен мекемелерінің барлық санаттағы әскери қызметшілеріне әскери қызмет атқару тәртібіне қарсы жасалатын қылмыстар санатындағы ҚР ҚК 441 (бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету), 442 (қашқындық), 443 (дене мүшесіне зақым келтіру не болмаса өзге де жолмен әскери қызметтен жалтару) баптарының нормалары түсіндіріп жеткізілуде.
Источник: qazaq.asia