210 Awrora
Фотосурет: Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметі
Сарыөзек гарнизонындағы шабуылдаушыбригадасында жаңа оқу жылының басталуына орай бөлімнің барлық санаттағы әскери қызметшілерімен қауіпсіздік шараларын жеткізу сабақтары өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қауіпсіздік шарасы әскери бөлімнің барлық аумағында өтті. Шара барысында жиырмадан астамкөрнекі оқу-жаттығу орындары ашылып, онда макеттерді, имитациялық құралдарды, манекендер мен муляждарды пайдалана отырып, ең алдымен жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды және әскери техникаға қызмет көрсету бойынша регламенттік жұмыстарды жүргізуде қауіпсіздік шараларының орын алуы мүмкін жағдайлары көрсетілді.
Әр оқу орнында сабақ жетекшілері жеке құрамға теориялық және іс жүзінде сабақтар өткізді.
Сонымен қатар жеке құрамға оқ атуды жүргізу, жарылыс қаупі бар заттарды пайдалану, қару-жарақ пен әскери техникаға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындауғабайланысты басқа да іс-шаралар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі туралы айтылды.
«Бүгінгі өткізілген сабақта, жалпы әскериқызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауда тиісті сабақтар өткізілді. Оның негізгі мақсаты – қауіпсіздік ережелерін зерделеу, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану кезінде әскери қызметшілердің жарақаттануына, мертігуіне жол бермеу» Бригада командирі подполковник Даулет Секенов
Оған қоса жеке құрамға жол қозғалысы, алғашқы медициналық көмек көрсету, жанар-жағар май материалдарымен, шаруашылық жұмыстар, қаруды қолдану кезіндегі және өртке қарсы қауіпсіздік шаралары
таныстырылды.
Бұл жердегі басты міндеттердің бірі жеке құрамның қауіпсіздігін үнемі назарға алу. Шара барысында әскери қызметшілер әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде практикалық тәжірибе жинақтады, жарақат алуға әкелуі мүмкін қауіпті факторларды анықтау машықтарын меңгерді.
Источник: qazaq.asia