309 Awrora
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Ақмола өңірлік гарнизонының Әскери полиция басқармасына барып, оның тыныс-тіршілігі және инфрақұрылымның объектілерімен танысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Сұлтан Камалетдинов бөлімшелер үшін жаттығулар және тактикалық-саптық сабақтар өткізуге арналған тактикалық алаңдағы автомобильдер паркін аралап, кинологиялық жайға барды.
Қорғаныс министрінің орынбасары сарбаздар асханасында тамақтануды ұйымдастырудың сапасына және жеке құрамның өмір сүру жағдайына ерекше назар аударды.
«Қазіргі уақытта мерзімді әскери қызмет өткергендер үшін ҰБТ тапсырусыз жоғары білім алуға жақсы мүмкіндік бар. Ал жауынгерлік даярлықта және қызметтік міндеттерін орындауда үздік нәтижелер көрсеткендер жоғары оқу орнының есебінен тегін оқуға түсе алады» генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов
Ол сондай-ақ жеке құрамға әскери білім орындарында оқудың шарттарын жеткізді. Оқу кезеңінде курсанттар үлестің барлық түрімен, оның ішінде заттай мүлікпен, тамақпен, жатақханамен және ақшалай үлеспен қамтылады.
Источник: qazaq.asia