Әскери бөлімде ашық сабақ өтті

Әскери бөлімде ашық  сабақ өтті

88 Awrora

Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, ақын  Мағжан Жұмабаевтың туғанына биыл 130 жыл толып отыр.

Осыған орай Аягөз гарнизоны 10810 әскери бөлімінің кітапханасында «Мен жастарға сенемін» тақырыбында сарбаздармен әдеби  сабақ өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл  сабақтың  басты мақсаты Мағжан Жұмабаевтың тағылымын сарбаздардың санасына сіңіру,  өлеңдерін кеңінен насихаттау және жас ұрпақты ақынның шығармашылығын  танып өсуге тәрбиелеу болды.

Аталмыш шараны ұйымдастырған әскери бөлімнің мамандары  ең алдымен сарбаздарды Мағжанның өмірі мен шығармашылығы турасындағы кітаптар ұсынылған ақпараттар тақтасымен таныстыра отырып, ақын туралы келелі ой, тың мәліметтер берді. Сондай-ақ, ақын  жайлы деректі фильмді көрсетті, кітаптар көрмесіне шолу жасалды.

Іс-шара барысында мерзімді әскери қызметшілер ақынның қысқаша өмірбаянымен, шығармашылығымен танысты. Сарбаздар сабаққа белсене қатысып, мектепте алған білімдерін еске түсіріп «Мен жастарға сенемін», «Туған жер», «Қазақ тілі», «Сағындым» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып берді. Осылайша әскери бөлімде өткізілген әдеби сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Сабақ соңында азаматтық персонал Гүлмира Өтешова шараға қатысқан барша сарбаздарға тәттілер таратып берді. Осындай шараны ұйымдастырған әскери қызметшілерге  жас сарбаздар да өз алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика