Әскери бөлімде ашық есік күні өтті

Әскери бөлімде ашық есік күні өтті

322 rob

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінде жастарға әскери — патриоттық тәрбие беру мақсатында, балалар ауылы тәрбиеленушілеріне «Сарбаз болғым келеді» атты ашық есік күні өткізілді. Бөлім аумағына келген қонақтарға әскери техника, қару-жарақ түрлері, кинологиялық қалашықтағы қызметтік иттер, сарбаздардың жатын орындары көрсетілді. Сондай-ақ келген қонақтарға әскери бөлімнің клубында «Ұлы дала ұландары» атты деректі фильм ұсынылып, олардың әскерге қатысты сұрақтарына жауап берілді.

Бөлім аумағында орналасқан тәжік-ауған шекарасында қаза тапқандарға арналған ескерткіш жанында балалар естелік фотоға түсті. Жастардың бойында әскери-патриоттық рухты қалыптастыру және қазақ армиясының беделін жастар арасында арттыру мақсатында осындай іс-шаралардың маңызы зор.

Әскерилер осы іс-шара арқылы жасөспірімдерді ел қорғауға шақырып, елдің тыныштығын сақтау азаматтық борышы екенін түсіндірді. Осындай шараны өткізудегі мақсат – жасөспірімдердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу дейді, — тәрбие бөлімшесінің бастығы майор Нұртілек Ғалымжанов.

Майор, Алмагүл Жұмабекова

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика