Домой Қазақша Әскери қалашық тұрғындарымен өткен сайыс

Әскери қалашық тұрғындарымен өткен сайыс

170
0

Әскери қалашық тұрғындарымен өткен сайыс

244 rob

«Салауатты өмір салтын ұстану – саналы қоғамды қалыптастырады», деген пікірді ұстанатын Аягөз гарнизонының танк құрамасының әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі «Оңтүстік» әскери қалашығындағы үйлердің тұрғындары арасында спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жыл сайын бірнеше мәрте өткізіліп, қалашық жұртының арасында үлкен қолдауға ие болып спорт кешенінде кезекті рет ұйымдастырылған бұл жолғы отбасылық сайысқа жүзге тарта әскери қызметшілердің жұбайлары мен балалары қатысты. Шараның көпшілік арасында кеңінен қолдау табуы өз кезегінде күні ертең мемлекеттің мәртебесін өсіретін білімді де білікті, денсаулығы мықты, әрі жігерлі жастардың көптеп шығуына оң әсерін тигізетіні анық. Бой мен ойды сергітетін бұл жарыстың мақсаты тұрмыстың тірлігімен айналысып, үйлерінің ұйтқысы мен қызы болып отырған әскери қызметкерлердің жұбайлары мен балаларын салауатты өмір салтын ұстануға және бойларына спорттық рух қалыптастырып өзара қарым-қатынас жасасуға бағытталған.

Аталмыш жарыс барысында қатысушылар волейбол, үстел тенисі, шахмат, тоғызқұмалан спорт түрлерінен өзара команда құрып бақ сынасты. Жарыс түрлерінің барлығындағы өзара сайыстың қызу бәсекестігімен көпшіліктің назарын бұрған волейбол командаларындағы әйелдер қауымы белсене қатысып, көрермендер қауымын таңқалдырды.

Бәсеке мен эмоцияға толы болған бұл жарыс күні волейбол сайысы бойынша бірінші орынды көшбасшысы Айдана Бекетаева бастаған «Шығыс» командасы алса, екінші орынды команда капитаны Айгерім Амангелді бастаған «Жұлдыз» командасы еншіледі, ал жүлделі үшінші орынды Сая Кабдешова бастаған «Гүлдер» командасы қанағат тұтты. Жарыс барысында балалардың жас ерекшеліктеріне қарай өткізілген үстел ойынында әскери қызметшілердің балалары жас санатына қарай жарысып, жеңісті орындарды өзара бөлісті.

— Бүгінгі жарысымыз жақсы деңгейде өтті. Отбасы мүшелері өте белсенді және сайысқа сай өнер көрсетті. Қатысушыларға үлкен рахмет айтқым келеді. Мұндай жарыстар алдағы уақытта әлі де ұйымдастырылатын болады, — деді танк әскери бөлімінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі азаматтық персонал Аяжан Молдадосова.

Байқау қортындысы бойынша төрешілер әр командаға және жекелей қатысқан жеңімпаздар мен жүлдегерлеріне гарнизон бастығының кубогы мен медальдарын және мадақтама қағаздарын табыс етті.

Источник: qazaq.asia

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму